Алаяқтықпен байланысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында Бородулиха колледжінде 8 ақпан күні 2-3 курс студенттері үшін алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және азаматтарға қатысты жасалатын осы қылмыстардың алдын алу мәселелеріне бағытталған профилактикалық әңгіме өткізілді.
Кездесуге жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Е. Тұрарқанов және криминалдық полиция бөлімінің бастығы полиция капитаны Б. К. Төлегенов қатысты.
Әңгіме барысында полиция қызметкерлері округ аумағында алаяқтық әрекеттердің ең көп таралған фактілері, алаяқтардың құрбаны болмас үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы айтты.
Comments