9 ақпан күні Бородулиха колледжі кітапханасында Хантәңірінің мұзбалағы , ақиық ақын , тау тұлғалы талант - Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай " Мұқағали - мәңгілік ғұмыр" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мұқағали Мақтаев поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған ел, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары.
Осының бәрі Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдарымен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.
Comments