Семейдегі Абай қорық-мұражайы Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Бүгінгі таңда елімізде мұражай – ғылымның, білімінің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын өз алдына дербес мекеме. Осындай мекемелердің бірі – өлкеміздегі Абайдың тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы. Қорық-мұражайдың негізгі қызметі – Абай өмірі мен шығармашылығына және оның ақындық-өнер айналасын, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді зерттеу, сақтау, насихаттау, қорғау. Мұражай қазақтың ұлы жазушысы, академик М.О.Әуезовтің ұсынысы бойынша Абайдың 95 жылдық мерейтойы қарсаңында, 1940 жылы Қазақ ССР-нiң Халық комиссарлар кеңесiнің 1-сәуiрдегі қаулысы негізінде құрылып, сол жылы 16-шы қазан күні мереке үстінде ашылды. Ол Қазақстан тарихындағы тұңғыш әдеби мұражай болып табылады.......
#яучусьдистанционно 09.04. Абай еліне саяхат. дайындаған ( Д.Ж.Ахметова)
Обновлено: 28 апр. 2020 г.
Comentários